№3 көпбейінді қалалық ауруханада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы талқыланды. Мемлекет басшысы өз сөзінде денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға тоқталды.
Атап айтқанда, ол кісі коронавирустың Денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болғанын атап өтті.
Жолдауды талқылау барысында №3 КҚА басшысы Жұлдыз Данбаева сол медициналық мекеменің Нұрсұлтан қаласында алғашқылардың бірі болып ковидтік стационарлар ашып, пандемиямен күреске ат салысқанын атап өтті.
«Қазақстан – коронавирусқа қарсы өз вакцинасын шығарған санаулы мемлекеттердің бірі. Басқа елдер қызығушылық танытып отырған QazVac дәрі-дәрмегінің тиімділігі мен қауіпсіздігіне біздің күмәніміз жоқ», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
Біз Президентіміздің пікірімен толық келісеміз және ол кісінің вакцинацияға шақыруын қолдаймыз, өйткені біз бұл аурудың не екенін білетіндей болдық.
Елде жаппай вакцинация жалғасуда, бірақ қоғамда оның қарсыластары әлі де көп. Олар егуден бас тартып қана қоймай, бас тартуға халықты азғырады.
Сондайлардың ықпалына түсіп, халықтың көбісі дұрыс бағыттан адасып қалды.
Адамзат бірнеше індетті бастан кешірді. Көптеген қауіпті аурулар вакциналар пайда болғаннан кейін ғана жойылғанын ұмытпауымыз керек.