Бүгін, 25 мамырда № 3 көпбейінді қалалық аурухананың дерматологиялық блогында Дүниежүзілік меланомамен күрес күніне арналған Ашық есік күні өтті. Дүниежүзілік күннің басты мақсаты – меланоманың агрессивті ағымға ие болғандығынан терінің қатерлі ауруларының алдын алуға және ерте диагностикалауға назар аудару және осылайша меланомадан болатын өлім-жітімді азайту болып табылады. Кез-келген невус ("мең") тері меланомасының пайда болуына негіз бола алады. Ультракүлгін сәулелену, жарақат сияқты тітіркендіргіш факторлар осы қорқынышты аурудың пайда болуына себеп болуы мүмкін. Генетикалық факторлар да маңызды рөл атқарады. Дәрігерлер әртүрлі тері ісігі бар 50 пациентті қабылдады, олар - меланоциттік және меланоциттік емес невустар, актиникалық кератоз, себореялық кератомалар, күн лентигосы, папилломалар, базалиомасы бар 1 пациент, базалиомаға күдігі бар 1 пациент.
Пациенттерге аурудың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді:
✅ Күн сәулесінің әсер ету уақытын шектеу, әсіресе түскі уақытта;
✅ Терінің ашық жерлерін тікелей күн сәулесінің әсерінен қорғау ( ұзын және жеңі ұзын көйлек, шляпа және т. б.), терінің ашық жерлеріне фотоқорғаныс косметикалық кремін (SPF 50 ), әсіресе терісінде бірнеше меңі бар адамдар;
✅ Терінің бетін үнемі тексеріп отыру, егер меңдердің түсі, пішіні, сондай-ақ жаңа күдікті элементтер пайда болған жағдайда дәрігерге уақтылы хабарласу; Сондай-ақ пациенттерге ультракүлгін сәулелерден қорғайтын құралдар сынамасы таратылды.