Бүгін, 31 мамырда VIII Еуразиялық дерматология, косметология және эстетикалық медицина конгресі шеңберінде Халықаралық Астана қаласының №3 қалалық ауруханасы мен Өзбекстанның тері-венерологиялық диспансерлері арасында ғылыми-практикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа №3 КҚА директоры Жұлдыз Данбаева, Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігінің дерматовенерология және косметология Республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық орталығының Ташкент қалалық өңірлік филиалының бас дәрігері Комил Маликов, ӨР ДСМ РСНПМЦДВиК Ташкент облыстық өңірлік филиалының бас дәрігері Шерзод Махмудов, ӨР ДСМ РСНПМЦДВиК Қарақалпақ аумақтық филиалының бас дәрігері М.Ещанов қойды. "Бұл маңызды оқиға. Меморандум Қазақстан мен Өзбекстанның дерматологиясы мен косметологиясы саласындағы ынтымақтастыққа серпін береді", - деді Жұлдыз Данбаева. Қол қою рәсіміне Қазақстанның басқа қалалары мен облыстарының дерматологиялық қызметтерінің басшылары да қатысты.