21 қазан күні №3 көпсалалы қалалық ауруханада Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Директор Жұлдыз Сейтқамзинқызы Данбаева құттықтау сөзге шығып: «Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ - дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларың сәтті болсын!Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін. Барлық бастамаларда сәттілік,ертеңге сенімділік тілеймін!», - деді ол аурухана ұжымына.
Республика күні алғаш рет 1995 жылдың қазан айында ұлттық мереке болып жарияланды. 25 қазан күні кездейсоқ таңдалмады: 1990 жылы дәл осы күні Қазақстан КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Мемлекеттік Егемендік туралы Декларация қабылданды. 2001 жылы Республика күні өзінің ұлттық мереке мәртебесін жойылтып, 2009 жылы толығымен жойылды. Осы жылы 25 қазан тағы да күнтізбенің қызыл күніне айналды! Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 16 шілдедегі Ұлттық Құрылтайда Ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынды. "Республика күні еліміздің мемлекеттілікке деген батыл қадамының символы болуға тиіс. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн басты ұлттық мереке болып қала береді. Алайда оны Тәуелсіздікке елеулі үлес қосқан ұлттық батырларымызды еске алу күні ретінде атап өту керек", — деді Тоқаев.
Қыркүйек айының ортасында ҚР Парламенті "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға түзетулер қабылдады. Құжатқа сәйкес 25 қазан - Республика күні ұлттық мереке, ал 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болып саналады.