Жұмыс уақыты:
08: 00-ден 18: 00-ге дейін

"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші міне дерматологиялық, клиникалық және акушерлік блокта өткен сенбілік көңілді әрі жақсы өткізілді. Әннің ырғағымен, жақсы көңіл-күймен медицина қызметкерлері үш ғимаратқа тиесілі аумақты - ал ол өте үлкен жер, жинап тастады. Бірлесіп істеген істері аяқталғаннан кейін барлығы бірге кәмпиті, бауырсағы бар "самаурын" шәйін ішуге жиналды. "Бірлік бар жерде тірлік бар" деген осы. Жұмыс та жеңіл істеледі, шәй да көңілді ішіледі.

Пайдалы сілтемелер