Құрметті қала келушілері және қонақтары!
№3 көпбейінді қалалық аурухананың дерматовенерологиялық блогы (Нұрсұлтан қаласы) Дүниежүзілік псориаз күніне арналған Ашық Есік күнін жариялайды.
Іс-шара 29 қазанда сағат 8-ден 15-ке дейін өтеді. Бұл күні біздің дерматолог- мамандарымыз псориазбен ауыратын науқастарды терапевттерден жолдамасыз қабылдайды – астаналық емханаларға тіркелген тұрғындар да, тіркелмеген тұрғындар да.
Біздің мекен-жайымыз: Нұрсұлтан қаласы, Республика даңғылы 50/2.
Псориазбен ауыратын науқастарға ауру бетінің қайтуы ұзаққа созылуын тілейміз!