Бүгін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада ковидтік стационарларда жұмыс істеген елордалық медицина қызметкерлеріне арналған "Дәрігер Мерейі" концерті өтті.
Концерт Нұр-сұлтан қаласының әкімдігімен ұйымдастырылды.
«№3 көпбейінді қалалық аурухана ұжымының атынан іс - шараны ұйымдастырушыларға, әртістерге және қала әкімі Алтай Көлгіновке зор алғысымды білдіргім келеді», - деді біздің аурухананың директоры Жұлдыз Сейткамзақызы Данбаева.