Елбасы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жаңа дәуірдегі қазақстандықтар үшін басты бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын атап өтті.
«Тәуелсіздікті нығайтып және елдің тұтастығын сақтап, отбасы құндылықтарына қолдау білдіріп, ұлттық-рухани мәдениетті ілгерілетіп, білім мен адал еңбекке көңіл бөле отырып, біз жасампаз ұлт боламыз» - деді Н. Назарбаев, «Nur Otan» Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.