Жұмыс уақыты:
08: 00-ден 18: 00-ге дейін
АИТВ-ның алдын алу бойынша семинар
2023 жылғы 20 қазанда Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК бірлескен жұмыс аясында № 3 көпбейінді қалалық аурухананың дерматологиялық блогының дәрігерлері және медбикелерімен семинар сабағы өткізілді. Ағымдағы жылдың 9 айындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай жарияланды, берілу жолдарының мәселелері көтерілді, инфекцияның жыныстық жолына ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, тыңдаушылар нормативтік құжаттармен танысты.
Пайдалы сілтемелер