Псориаз: ашық есік күні.
Жыл сайын 29 қазанда Халықаралық псориаз аурулары қауымдастықтары федерациясының бастамасымен атап өтілетін Бүкіләлемдік псориаз күніне № 3 көпбейінді қалалық аурухананың дерматологиялық блогы да қосылып атап өтеді.
Біз 2023 жылғы 31 қазан күні сағат 09.00-16.00 аралығында Бүкіләлемдік псориаз күніне арналған «Ашық есік күні» акциясын өткіземіз. Пациенттер теріні күту бойынша дерматовенеролог дәрігерден кеңес алып, асқынудың алдын алуға қатысты өзекті ақпаратпен, сондай-ақ әлемдегі псориаз терапиясының жаңа әдістерімен таныса алады.
Псориаз - созылмалы тері ауруы, орта есеппен онымен бүкіл ғаламшар тұрғындарының 4% зардап шегеді. Тері ауруларының неғұрлым кең тараған және өмір сүру сапасын төмендететін бірі ретінде псориаз емдеуге және күтуге кешенді тәсілді талап етеді. Біздің мамандар осы жағдайға қарсы күресте сіздерге көмектесуге дайын. Кеңес алу және псориазды емдеу үшін дерматолог дәрігерлердің көмегіне мұқтаж адамдарды шақырамыз.
Іс-шара төмендегі мекен-жайда өткізіледі:
📌 Республика даңғылы, 50/2, дерматологиялық блок.