Қызылша
"AMANAT" партия сының елордалық филиалы ұлт саулығы мәселесі бойынша аймақтық қоғамдық кеңес №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасында көшпелі отырыс өткізді.
Кеңес өкілдері медициналық ұйым басшылары және дәрігерлерімен кездесті. Кездесуге сондай ақ, Қоғамдық денсаулық сақтау өкілдері де қатысты.Отырыста қалада туындап жатқан қызылша жөніндегі мәселе талқыланды.
Астана қаласында қызылша бойынша алғашқы жағдай 2023 жылғы ақпан айында тіркелген. Содан бері ауырған балалар саны күн санап өсуде. Осы уақытқа дейін 918 пациент жүгінген, соның 856 (93,2 %) ауруханаға жатқызылған. Солардың жартысынан көбі 1 жастан 7 жасқа дейінгі балалар (70,5%). Жүгінген науқастардың 96,8 % екпе егілмеген.
№3КҚБА қызылшамен ауырып ауруханаға жатқызылған және емделетін балалар үшін бөлек кіріп шығатын жеке блок бөлінген, оқшауланған реанимация және қабылдау бөлім ұйымдастырылған.
Кездесу қатысушылары ақпараттық-алдын алу жұмыстарын күшейту керектігін атап кетті. Азаматтар жүгіне алатын жедел желі ұйымдастыруды ұсынды. Түсіндіру бейнероликтер дайындап, қоғамдық орындарда көрсету ұсынысын жасады.
Қызылша өте ауыр дертке, асқынуға, тіпті өлімге алып келуі мүмкін. Белгілері жоғары дене қызуы, жөтел, тұмау және дене бойы бөртпелер пайда болу. Қызылшаның алдын алу және берілуінің ең тиімді тәсілі - вакцинация. Вакцина қауіпсіз және ағзадағы вируспен күресуге жәрдем береді.
Ата-аналарға ұсыныс: қызылшадан балаларыңызды вакцинамен қамтамасыз етіңіз. Егер аурудың жоғарыда аталған белгілерін байқасаңыз үйге учаскелік дәрігерді немесе жедел жәрдем шақырыңыз, үйден шықпаңыз!