Жұмыс уақыты:
08: 00-ден 18: 00-ге дейін

Бүгін №3 көпбейінді қалалық ауруханаға көп жыл еңбегі сіңген және егде жасқа келген қызметкерлердің бірі патолог-дәрігер Бақыт Жұмағұлқызы Күрдібаеваны зейнеткерлік демалысқа шығарып салдық. Ол өмірінің жарты ғасырға жуық уақытын медицинаға арнаған! Жалпы жұмыс өтілі-48 жыл.

Өткен жылы "Еңбек ардагері" медалімен марапатталған. "Сізде қиын, бірақ өте маңызды мамандық бар! Сіз батырсыз - көптеген жылдар бойы осындай қиын салада адал жұмыс істедіңіз. Сонымен қатар, өзіңіз сияқты ұқыпты, адал, жоғары кәсіби шәкірттерді тәрбиеледіңіз. Сіздің медицинаға қосқан үлесіңізге баға жетпейді!",- деді аурухана директоры Жұлдыз Данбаева. Бақыт Күрдібаева 1951 жылы 26 желтоқсанда Ақмола облысының Кинетай ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Целиноград мемлекеттік медицина институтын "Емдеу ісі" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1975 жылы маусым айынан бастап Макинск ауданының сот медициналық сараптама бюросында сот медициналық сарапшы қызметінен бастаған. 1976-1980 жылдары Целининоград балалар ауруханасында патологанатаом дәрігері болып жұмыс істеді. Кейінірек-сол кездегі Целиноград облысы Қорғалжын аудандық ауруханасының патологоанатомы қызметін атқарған. 1989 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін біздің №3 көпбейінді қалалық ауруханада патологанатом дәрігері болып жұмыс істеді. Бір кәсіпорында 34 жыл!

Бақыт Жұмағұлқызы, Сізді зейнекерлік демалысқа шығуыңызбен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық пен амандық тілейміз! Ақ көңіл, шынайы, талапшыл және көңілді болып қала беруіңізге тілектеспіз!

Пайдалы сілтемелер