Жұмыс уақыты:
08: 00-ден 18: 00-ге дейін
Жыл сайын Ұлттық Олимпиада комитеті Қазақстан олимпиадашыларымен бірге 23 маусым – Халықаралық Олимпиада күні дүниеге келген сәбилерге құрмет көрсетеді.


№3 көпбейінді қалалық аурухананың перинаталдық орталығы қабырғасында дүниеге келген сәбилер де олимпиадашылардан хаттармен қоса сыйлықтар алды. Бұл күні әйелдердің босану залында 23 кішкентай чемпион дүниеге келді.

Сәбилер бодиындағы «Olympian is born» («Олимпиадашы дүниеге келді») символдық жазу атаулы күні дүниеге келген сәбилердің болашақ жеңістерінің алғашқы ұраны болмақ. Қазақстандық барлық олимпиадашылар атынан баршаға естелік хат үлкен жетістіктерге жетуге ынталандырады және шабыттандырады.

«Бүгін, жарық дүние есігін ашқан күніңде өзіңмен тілдесіп отырғанымызға өте қуаныштымыз. Үлкен Олимпиадалық отбасына қош келдің!

Сенің бұл өмірдегі жолың салтанатты болсын, жолың тек жарқын жеңістер мен биік жетістіктерден тұрсын. Біз үлкен спорттағы жетістіктің, Олимпиада жүлделерінің және бүкіл әлемге танылудың жоғары бағасын білеміз. Балапан, мұның барлығына қол жеткізуге болады! Бұл сен үшін жеңімпаз атанудың нақты мүмкіндігі.

Сен бұл жолды бүгін, 2022 жылдың 23 маусымында бастадың", - деп жазды қазақстандық олимпиадашылар өз құттықтауында.

Біз, өз атымыздан, балапандарға жарқын жеңістерге толы бақытты өмір тілегіміз келеді!

Пайдалы сілтемелер