Жұмыс уақыты:
08: 00-ден 18: 00-ге дейін

Күз мезгілінде зең ауруларының — дерматомикоздардың таралуы белең алады. Олар көбінесі қаңғыбас жануарлардан (мысықтар, иттер) жұғады. Сонымен қатар бұл ауру науқас адам қолданған бас киім мен тарақ арқылы да жұғуы мүмкін.

Адамдар инфекцияны шаштараздарда, бала бақшаларда, мектептерде, моншаларда, сауналарда, спор мектептерінде санитарлық режимді ұстамаған кезде жұқтырады. Дерматомикоз терінің кез-келген бөлігінде зақымданған жерінің қабыршақтануы түрінде пайда болады. Ауруды асқындырмау үшін өзін-өзі емдеуге тыйым салынады.

Дерматолог дәрігеріне уақытылы қаралған кезде аурудан екі аптадан кейін толық айығып кетуге болады.

Егер уақытылы ем қабылдамасаңыз ауруыңызды асқындырып жіберуіңіз мүмкін. Адамның денсаулығы үшін ең үлкен қауіп ол зең терінің терең қабаттарына еніп, терең дерматомикозға дейін асқынып кеткен кезде туындайды. Ем қабылдамаған жағдайда бұл ауру ішкі органдарға, лимфалық жүйеге, сүйек пен буынға, бұлшықетке дейін таралып кетуі мүмкін. Сол кезде теріде аурудың уру ошағы пайда болып, уақыт өте келе жараға алмасып кетуі мүмкін.

Терінің, шаштың және тырнақтың зең ауруларымен зақымдануы соншалықты зиянсыз ауру емес. Олар иммундық мәселелерді көрсете алады, өйткені сау организм зеңді басуға қабілетті.

Ал дерматомикоздардың кейбір түрлері тіптен ішкі органдарды да зақымдап, басқа аурулардың дамуын қоздырады.

Біздің байланыс телефондарымыз: +7 778 460 09 63, 8 (7172) 39-64-59, 8 (7172) 22-70-70 тіркеу бөлімі

Біздің мекенжай: Нұр-Сұлтан қаласы, Республика даңғылы 50/2

Пайдалы сілтемелер