2019 жылы 8 қазанда Дерматология орталығында КеАҚ "АМУ" дерматовенерология кафедрасының қатысуымен дәрігерлік жиналыс өткізілді.
Кафедраның ассоцирленген профессоры, медицина ғылымдарының кандидаты Джетписбаева Зульфия Сейтмағанбетовна созылмалы дерматоздар еміндегі амин қышқылдары мен омега 3-тің рөлі жайында баяндады.
Сонымен қатар, Вицбургтегі лепра және туберкулезбен науқастарға көмектің Неміс қоғамының мүшесі, Берлиндегі Неміс-Қазақ қоғамының ұйымдастырушы-мүшесі, Астараханьдағы лепраны ғылыми-зерттеу институтының құрметті мүшесі, медицина докторы Романа Драбик лепра ауруы бойынша дәріс оқыды.