Бүгін ҚР Тұңғыш Президенті күні №3 Көпбейінді қалалық ауруханада таңғы 10:00 жағдай бойынша Қазақстанның 6 азаматы дүниеге келді.
Олар туу туралы куәлік, сондай – ақ сыйлықтар-комбинезондар, медициналық дәрі қобдишалары және Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің естелік құттықтау хаттарын алды.
Жас босанған аналарды қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Досмырзаева, Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары Әлібек Ахимбеков құттықтады. Толық бейне және фото есепті карусельдерден қараңыз.
Барлық қазақстандықтарды мерекемен құттықтаймыз және амандық пен өркендеу тілейміз!