Жұмыс уақыты:
08: 00-ден 18: 00-ге дейін
БЖЗҚ: ақпарат

Еңбек жолын жаңадан бастап келе жатқан жас мамандардың көпшілігі зейнетақыға қатысты мәселеге бас қатырып жатпайтыны рас. Бұл туралы сұрай қалсаң: «Қайдағы зейнетақы, не айтып тұрсыз?», — дейтіні сөзсіз. Өйткені олар үшін бүкіл өмір алда ғой!

Бірақ, өмір заңы бар емес пе, аға ұрпақ секілді біз де өсеміз, есейеміз және қартаямыз.

Иә, мойын бұрып қарағанша, қамшының сабындай өмірде зейнеткерлік жасқа жетіп қалғаныңды білмей де қаласың…

Бәрін айт та бірін айт, қазіргі таңда азаматтар болашақ зейнетақысы туралы жас кезінен бастап ойлануы керек. Бұл заман талабы.

Дегенмен бұл туралы қоғамда әр түрлі пікірлер бар. Біреулер: «Мені үкімет асырайды, далада қалдырмайды», — деп ойласа, басқалар: «Дүниені балаларыңа жина, солардың біліміне жұмса. Сонда олар жақсы білім алады, жақсы қызметке тұрады. Сөйтіп ата-анасын да асырай алады», — дейді.

Ал енді біреулер тек өзіне ғана сенеді, жалақыларын конвертсіз, ашық түрде алады. Міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты түрде төлейді. Тіпті ерікті зейнетақы жарналарын да төлеуді ойластырады.

Қазіргі таңда зейнетақы жүйесінің құрылымы үш мүдделі тарапты – мемлекетті, жұмыс берушіні және жұмыскерді біріктіреді.

Мемлекет зейнетақы жүйесін реформалап, оған жинақтаушы құрамдауышты қоса отырып, азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға шақырады.

Бұл жүйеде салымшы өзінің бүкіл еңбек жолында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қанша қаржы жинаса, зейнеткерлік жасқа толғанда сонша қаржы алады. Бұл ретте оның жинағына зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңі бойынша инвестициялық табыс есептеліп отырады. Егер зейнетақы жинағының жалпы сомасы инфляция деңгейінен төмен болатын болса айырма сомасы республикалық бюджеттен біржолғы төлем ретінде зейнеткерлік жасқа толған алушының банк шотына аударылады.

Бұл ретте қаржы жинақтауда салымшыға үлкен жауапкершілік жүктеледі. Егер ол ресми түрде жұмыс істеп, міндетті зейнетақы жарналарын тұрақты аударып тұратын болса, онда оның зейнетақы төлемдерінің мөлшері біріншіден:

1) оның зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына;

2) жүйеге енгізілген зейнетақы жарналарының саны мен сомасына; 3) жинақталған инвестициялық табысқа және

4) айлық табыстың өсу қарқынына тәуелді болады.

Мемлекет ешкімді ескерусіз қалдырмайды. Керісінше олардың қамын ойлайды. Яғни, республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады және инфляция деңгейін ескере отырып зейнетақы жинақтарының сақталуына кепілдік береді.

Сонымен қатар жұмыс берушіге де үлкен жауапкершілік жүктелген. Ол міндетті зейнетақы жарналарын дер кезінде және толық көлемде аударып отыруы тиіс. Ал 2020 жылдан бастап өз қаражаты есебінен жұмыскерінің пайдасына жалақысының 5 пайызын оның шартты зейнетақы шотына аударуға міндеттенеді.

«Қазақстан Республикасында зейнетақмен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес жұмыс берушілер салымшының зейнетақы шотына міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударады. Міндетті зейнетақы жарналары жұмыскердің айлық табысының 10 пайызын құрайды. Ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жұмыскердің айлық табысының 5 пайызын құрайды және оларды жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына төлейді. Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын (МКЗЖ) есептеу, ұстап қалу (есебіне жазу) және аудару тәртібі мен мерзімі жоғарыда аталған Заңмен реттеледі.

МЗЖ және МКЗЖ дер кезінде төлеу – жұмыс берушінің өз жұмыскерлері үшін әлеуметтік жауапкершілігі ғана емес, сонымен қатар заңнама талабы.

Жұмыс берушілер уақтылы ұстап қалмаған (есебіне жазбаған) және (немесе) аудармаған МЗЖ және МКЗЖ сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе оларды мерзімін өткізіп алған әрбір күнге (Мемлекеттік корпорацияға төлейтін күнді қоса алғанда) қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есебіне жазылған өсімпұлмен бірге жұмыскерлерінің пайдасына агенттер аударуға тиіс.

Сондықтан БЖЗҚ азаматтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының жай-күйін және жұмыс беруші аударатын жарналардың дер кезінде, тұрақты және толыққанды аударылуын жеке зейнетақы шотынан алынатын үзінді-көшірме арқылы бақылап отыруға кеңес береді.

Үзінді-көшірмені алудың бірнеше тәсілі бар. Олар:

Қор кеңсесіне өзі келу, электрондық және дәстүрлі пошта байланысы, Қордың сайты немесе «ENPF» ұялы қосымшасы, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен egov.kz электрондық үкіметі арқылы алу.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне шартты-жинақтаушы құрамдауыш, яғни жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі. Бұл үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жұмыскерлердің атына шартты зейнетақы шоттары ашылады. Оларға барлық жұмыс берушілер еңбек жағдайына қарамастан өз қаражаты есебінен жұмыскерлерінің пайдасына олардың айлық табысының 5 пайызын жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары ретінде аударатын болады. Бұл жарналардың артықшылығы сол, шартты зейнетақы шотындағы қаржы таусылып қалса да, бұл жарналардың есебінен зейнетақы төлемдері зейнеткерге өмір бойына төленеді. Бірақ, бұл үшін шартты зейнетақы шотына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары 5 жыл, яғни кемінде 60 ай тұрақты түрде аударылуы тиіс. Шартты зейнетақы шотына аударылатын жарналар жыл сайын капиталданады және қаржы құралдарына инвестицияланады.

Алғашқы жарналар 2020 жылдан бастап енгізіле бастайды. Ал алғашқы төлемдер сәйкесінше 2025 жылдан бастап төленеді.

Егер міндетті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына кәдімгі ақшалай қаражат жинақталатын болса, шартты зейнетақы шоттарына жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары тек белгіленіп отырады, яғни тіркеледі. Бұл шоттағы зейнетақы жинақтары жұмыскердің меншігі болып табылмайды және мұраға қалдырылмайды: егер салымшы (алушы) жүйеден шығатын болса оның шартты зейнетақы шотындағы қаражат басқа қатысушылар арасында үлестірілетін болады.

Осылайша, зейнетақы жүйесінің бұл құрамдауышы ортақ және жинақтаушы жүйенің артықшылықтарын қамтиды.

Сәйкесінше бизнестің өз жұмыскерлері үшін әлеуметтік жауапкершілігі арта түседі. Ал бұл, бүкіләлемдік үрдіс.

«Работай больше и больше будешь получать»
Нурсултан Назарбаев
Ежегодное Послание Президента народу Казахстана
Январь, 2018

Пенсионное обеспечение граждан в Республике Казахстан на современном этапе складываются из нескольких частей. Это выплаты из государственного бюджета (базовая и солидарная пенсии), пенсионные выплаты из ЕНПФ за счет индивидуальных 10-процентныхобязательных пенсионных взносов работника и в отдельных случаях 5-процентных взносов работодателя за работников опасных и вредных производств, а также добровольные пенсионные накопления граждан. Речь в данной статье пойдет только о пенсионных выплатах из ЕНПФ.

Знание и понимание, как устроена пенсионная система, безусловно, во многом помогут будущим пенсионерам заранее подготовиться к выходу на пенсию.Это относится и к людям, чей возраст приближается к пенсионному, и особенно к тем, кто только начинает трудовую деятельность.Задуматься о своем будущем, чем оно будет обеспечено на пенсии, что может дать финансовую независимость и стабильность в нетрудоспособном возрасте, необходимо как можно раньше, еще в начале своей карьеры.Время, когда государство целиком брало ответственность за обеспечение пенсионеров ушло в прошлое. Конечно, государство не слагает с себя ответственности, и у каждого гражданина, будут пенсионные выплаты из государственного бюджета – солидарная пенсия у работавших до 1998 года и базовая у всех. Но эта ответственность должна быть солидарной. Накопительная часть пенсии целиком и полностью зависит от самого человека. Сколько накопил, столько и получишь, когда выйдешь на пенсию. Это простая и справедливая логика. Поэтому те, вкладчики, которые сейчас имеют«серые» зарплаты, получают их в конвертах, должны прекрасно отдавать себе отчет в том, что они сами себя лишают своей пенсии, ее накопительной части, в будущем.

Кто имеет право на пенсионные выплаты из ЕНПФ:

лица, достигшие общеустановленного пенсионного возраста. Мужчины по достижении 63 лет, женщины с 58,5 лет (с этого года возраст женщин постепенно увеличивается на полгода ежегодно и к 2027 году сравняется с мужским); инвалиды первой и второй группы, если инвалидность установлена бессрочно; иностранцы и лица без гражданства, выехавшие на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан; члены семьи, наследники умершего лица, имеющего пенсионные накопления.

Что изменилось в 2018 году

график выплат В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 29.09.2017 г. № 603 «О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан», вступившим в силу с 03.10.2017 г., в Правила осуществления пенсионных выплат из пенсионных накоплений, сформированных за счет обязательных пенсионных взносов, обязательных профессиональных пенсионных взносов из единого накопительного пенсионного фонда, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 02.10.2013 г. № 1042, внесены изменения. Так, с 1 января 2018 года пенсионные выплаты из ЕНПФ за счет обязательных и обязательных профессиональных пенсионных взносов осуществляются только ежемесячно.Такая практика ежемесячных выплат пенсионных накоплений соответствует международным стандартам.Чтобы посчитать сумму ежемесячных выплат из ЕНПФ, используется коэффициенттекущей стоимости пенсионных накоплений, который зависит от средней продолжительности жизни казахстанцев. Таблица таких коэффициентов, которые являются постоянной величиной, утверждена Правительством РК. Каждый год, в соответствии с графиком, можно снять только часть накопленной суммы, поэтому величина коэффициента всегда меньше 1. Таким образом, в зависимости от возраста получателя сумма пенсионных накоплений умножается на соответствующий коэффициент и делится на 12 (месяцев). Это и будет размер ежемесячной выплаты из ЕНПФ.

Сумма ежемесячных выплат таким образом зависит от возраста получателя, а также от суммы, которая находится на индивидуальном пенсионном счете.Согласно новым правилам, ежемесячная выплата должна быть не меньше 54% от прожиточного минимума в текущем финансовом году.При новом графике платежей продолжительность ежемесячных выплат из фонда также увеличится. Этому будет способствовать рост денежных средств на индивидуальном пенсионном счете за счет инвестиционного дохода на большую сумму, остающуюся более длительный период под управлением Фонда.

Что касается единовременной выплаты, то она возможна лишь при определенных условиях. Согласно положениям Правил, пенсионные выплаты осуществляются единовременно иностранцам и лицам без гражданства, выехавшим на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан, а также членам семьи умершего лица, имеющего пенсионные накопления, или лицам, осуществившим погребение, наследникам. Также получить пенсионную выплату из ЕНПФ единовременно смогут только лица, достигшие общеустановленного пенсионного возраста, или имеющие инвалидность 1, 2 групп установленную бессрочно, у которых сумма пенсионных накоплений на дату обращения не превышает 12-кратный размер минимальной пенсии, установленный законом о республиканском бюджете на соответствующий финансовый год. В 2018 году — 33 745 х 12 = 404 940 тенге. Все, что превышает эту сумму, будет выдаваться только ежемесячно.

повышение пенсионного возраста женщин Повышение пенсионного возраста для женщин будет осуществляться в период с 2018 по 2027 годы, в течение 10 лет по шесть месяцев ежегодно и к 2027 году сравняется с мужским. Это связано с постепенным уменьшением трудового стажа работы женщин, по состоянию на 1 января 1998 года, необходимого для назначения солидарной пенсии. А также с увеличением стажа их участия в накопительной пенсионной системе, чтобы они имели возможность накопить больше средств.

При этом сохраняются возможности раннего выхода на пенсию для женщин:

— в 45 лет — проживавшим в зонах чрезвычайного и максимального радиационного риска в период с 29 августа 1949 года по 5 июля 1963 года, не менее пяти лет;

— в 53 года – родившим (усыновившим, удочерившим) пять и более детей, и воспитавшим их до восьмилетнего возраста;

— в 50,5 лет — при достаточности пенсионных накоплений при условии приобретения пенсионного аннуитета.Если у них на индивидуальных пенсионных счетах достаточные пенсионные накопления, включая обязательные пенсионные взносы, обязательные профессиональные пенсионные взносы и добровольные взносы. Они сегодня должны составлять более 12 млн. тенге. При нехватке средств, можно будет использовать на покупку аннуитета дополнительные взносы от третьих лиц (супруга, детей и других категорий).

Необходимо отметить, что в случае льготного выхода на пенсию, женщины будут получать выплаты из государственного бюджета, но не из ЕНПФ. Право на пенсионные выплаты из ЕНПФ у этих женщин возникнет, когда они достигнут общеустановленного пенсионного возраста. Эта категория женщин может продолжать работать и осуществлять пенсионные взносы, увеличивая тем самым сумму своих накоплений.

Что касается аннуитета, то можно выделить категорию лиц, которые имеют право на получение пенсионных выплат раньше установленного пенсионного возраста путем заключения договора пенсионного аннуитета со страховой организацией. При достаточности пенсионных накоплений для обеспечения выплаты не ниже размера минимальной пенсии право на пенсионные выплаты за счет обязательных пенсионных выплат, согласно положениям статьи 31 Закона, имеют:

мужчины по достижении 55 лет; женщины 50,5 лет. Возраст у женщин для приобретения аннуитета также увеличивается на шесть месяцев ежегодно и к 2027 году сравняется с мужским.

Достаточность пенсионных накоплений определяется условиями договора пенсионного аннуитета со страховой организацией, с которыми надо очень внимательно ознакомиться, принимая решение о переводе пенсионных накоплений. Заключение договора пенсионного аннуитета или сохранение накоплений в пенсионном фонде — это осознанный выбор вкладчика. Принимая решение о судьбе пенсионных накоплений, нужно внимательно изучить аннуитетный договор, обратив внимание на такие его пункты, как размер единовременной выплаты, размер годовых выплат, гарантированный период и т.д. Выплаты из аннуитетной организации производятся пожизненно, но надо четко представлять себе, каков будет их размер и будет ли он достаточен для обеспечения всех потребностей.

У каждого человека есть альтернатива: получать пенсию из ЕНПФ, аннуитетный договор или гибрид – часть выплат из ЕНПФ, часть из страховой организации. Вместе с тем, надо понимать, что чем дольше человек работает, чем больше платит пенсионные взносы, тем большая сумма денег накапливается на его пенсионном счете, а значит, и пенсия будет больше.

Вопрос выхода на пенсию волнует многих людей, которые задумываются о своем будущем.Самымнасущным вопросом для вкладчика Фонда должен стать не график выплати повышение пенсионного возраста у женщин, а уровень накопления на его счете. Сумма пенсионных накоплений напрямую зависит от частоты и регулярности взносов вкладчика. То, что мы откладываем в течение всей нашей трудовой жизни, станет обеспечением ее уровня на пенсии. Только от самого человека зависит, каким будет этот уровень.

Бүгінде Қазақстанның зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұратыны белгілі. Оның құрамындағы ортақ және жинақтаушы зейнетақы құрамдауыштары өзара оңтайлы үйлестірілген.

Бірінші деңгей – бұл ортақ зейнетақы жүйесі. Онда зейнетақы төлемдері мемлекеттік бюджеттен жұмыс істеуші азаматтардың салық аударымдары және басқа да түсімдер есебінен жүзеге асырылады. Бұл зейнетақы екі құрамдауыштан тұрады. Бірі – мемлекеттік базалық зейнетақы. Ол барлық зейнеткерге еңбек өтіліне немесе айлық табысына қарамастан өмір бойына тағайындалады. Екіншісі – еңбек өтіліне қарай төленетін жасына байланысты зейнетақы. Мұнда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі ескеріледі. Бұл ретте еңбек өтілі алты айдан кем болмауы тиіс.

Екінші деңгей – міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Мұнда Қазақстан азаматтарының, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың айлық табысының 10 пайызы міндетті зейнетақы жарнасы ретінде зейнетақы Қорына аударылады. Бұдан басқа, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушілер зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражатынан жалақының 5 пайызын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы ретінде аударуға міндеттенді.

Бұл ретте зиянды өндірістер мен жұмыстардың тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2020 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі. Сәйкесінше Қазақстандағы барлық жұмыс берушілер (олардың ішінде зиянды (аса зиянды) жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражатынан жалақының 5 пайызын аударатын жұмыс берушілер де бар) еңбек жағдайына қарамастан өз қаражаты есебінен қызметкерлерінің пайдасына жалақының 5 пайызын зейнетақы Қорына аударады.

Үшінші деңгей – ерікті зейнетақы жарналарына (ЕЗЖ) негізделген жинақтаушы жүйе. ЕЗЖ мөлшерлемесі, оларды зейнетақы Қорына аудару және зейнетақы төлемдері ретінде төлеу ЕЗЖ есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.

Сонау 1952 жылы қабылданған, Халықаралық еңбек ұйымының «Ең төменгі әлеуметтік қамсыздандыру нормалары туралы» Конвенциясына сәйкес орнын басу коэффициенті 40 пайызға тең болуы тиіс. Яғни, зейнетақы мөлшері жұмыскер жалақысының кем дегенде 40 пайызын құруы керек.

Алайда зейнеткерлікке шыққандардың барлығының бірдей зейнетақысы жоғалтқан жалақыларының 40 пайызына жете бермейді. Бұған зейнеткердің зейнет жасына дейінгі жалақысының төмен болуы, жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтілінің аздығы, зейнетақы жарналарының тұрақсыз аударылуы және басқа да факторлар әсер етуі мүмкін.

Бірақ, осы жәйттерге қарамастан, қалайша лайықты зейнетақы алуға болады? Бұл мәселені шешудің бір жолы – ерікті зейнетақы жарналарын төлеу.

Ерікті зейнетақы жарналары – бұл, салымшының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз еркімен аударатын ақшасы. Бұл ретте салымшы жарнаның сомасын өзі белгілейді және оны өзінің атына ғана емес, туған-туыстарының атына да аудара алады.

Заңды тұлғалар да жеке тұлғаның пайдасына ерікті зейнетақы жарналарының салымшылары болуға құқылы. Мысалы, жұмыс беруші осылайша қызметкерлерінің жұмысқа деген ынтасын арттыруға әрекет жасауы мүмкін. Ерікті зейнетақы жарналары ерікті түрде жүзеге асырылады. Бұл үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен шарт жасалады.

Шартта жалақы мөлшерін немесе жалақының Қорға аударылатын пайызын көрсетудің қажеті жоқ. Өйткені, ерікті зейнетақы жарналарының сомасы салымшының мүмкіндігі мен ықыласына қарай ай сайын өзгеруі мүмкін.

2017 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары есебінен барлығы 39,2 мың шот ашылған. Олардағы жинақтардың жалпы сомасы 1,7 млрд. теңгені құрайды.

Ерікті жарналар да басқа зейнетақы жарналарымен қатар әр түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады, сәйкесінше оларға да күн сайын инвестициялық табыс есептеледі. Ерікті жарналар есебінен құралған зейнетақы жинағының басқа зейнетақы жинақтарынан айырмашылығы сол, оны зейнеткерлік жасқа толмай жатып алуға болады.

Нақты айтар болсақ, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:

1) елу жасқа толған;

2) мүгедек болып табылатын;

3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған, кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған адамдар ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алуға құқылы.

Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.

Әлемдік тәжірибелерді зерделей келе, БЖЗҚ қазіргі таңда ерікті зейнетақы жарналары сынды болашаққа қаражат жинау құралын белсенді түрде пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатыр. Қор мамандарының есептеуінше, аз мөлшерде тұрақсыз аударылған ерікті жарналары есебінен құралған зейнетақы жинағы зейнеткердің берекелі тіршілігін қамтамасыз етуге елеулі түрде септігін тигізеді.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша бірегей мемлекеттік кепілдік моделі жұмыс істейді. Осы моделге сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабы негізінде зейнетақы төлемдерін алу құқығы туындаған шақта инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) жеке зейнетақы шотында жатқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі есептеледі.

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін:

  • зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғалар;
  • мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген I және II топтағы мүгедектер;
  • Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар алуға құқылы.

Айырма төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, бұл төлем ҚР Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіпте мұрагерге төленеді.

Мемлекеттік кепілдік бойынша айырма сомасын есептеу және төлеуді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының (КЕАҚ) филиалы (бұрынғы Зейнетақы төлемдері жөніндегі мемлекеттік орталық) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтары бойынша бір жолғы төлемді алу үшін осы ұйымға жүгініп, тиісті өтінішті толтыру қажет.

Айырманы төлеу туралы өтініш қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы шотының болуы және МЗЖ мен МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ұсыну жөнінде хабарлама жіберіледі.
Өз кезегінде БЖЗҚ хабарлама келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сұралған мәліметтерді электрондық форматта ұсынады.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БЖЗҚ-дан мәліметтерді алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді тиісті кезеңге арналған инфляцияның деңгейін ескере отырып, зейнетақы жарналарының (МЗЖ, МКЗЖ) сомасымен салыстырып тексереді.

Егер БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы:
— инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасынан артық немесе оған тең болғанда – айырма төлемі жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады;
— инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген МЗЖ, МКЗЖ сомасынан төмен болған жағдайда – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасын есептейді. Республикалық бюджет есебінен айырма төлемі алушының банк шотына аударылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің деректері бойынша (Статистикалық бюллетень, «Секвестрленбейтін республикалық бюджет бағдарламалары») мемлекеттің зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша кепілдікті міндеттемелері 2016 жылы – 11 615 млн. теңге, 2017 жылдың қаңтар-наурыз айлары үшін – 2589,0 млн. теңгені құрады.

Толық ақпаратты «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 1414 тегін қысқа нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Адам баласы негізі мектеп жасына дейін және зейнеткерлікке шыққаннан кейін еркіндеу өмір сүреді екен. Одан басқа кезең әрине қарбалас тірлікке толы: мектепке барады, университетте оқиды, жұмыс істейді. Енді мектеп қабырғасында көңіл сүйген өнермен айналысуға мүмкіндік бар (спорт, музыка, би, сурет салу) деп айтуға болады. Студенттік жылдары да сүйікті ісіңмен айналысуға уақыт табылады. Бірақ, жұмыста басқа тірлікке мойын бұруға уақыт табу қиын. Адам бұл кезеңде өзі үшін емес, әйелі, бала-шағасы үшін өмір сүреді. Сананы тұрмыс билейді: «Үй салсам екен, сол үйде бала-шағамаман болып, қарындары тоқ, уайымдары жоқ болып, қатарынан қалмай өмір сүрсе екен», — деп тілейсің. Оның үстіне ата-анаңды, туған-туыстарыңды, дос-жарандарыңды, әріптестеріңді ұмытуға болмайды. Абыройыңды сақтай отырып, барлығымен лайықты қарым-қатынас жасағың келеді. Қолыңнан келсе, қамқор болуға, қолдау көрсетуге дайынсың. Ал өзіңе қарауға,тіпті уақтысында лайықты емделіп алуға да уақыт табылмай жатады. Бітпейтін күнделікті қу тіршілік өзіңді ұмыттырып жібереді… Ал демалыс күндері жаның қалайтын іспен айналысуға уақыт анда-санда табылса табылар, табылмаса ол да жоқ. Осылай өмір шіркін «Сіз бен бізге білінбей» өте береді, өте береді. Сөйтіп жүргенде шашқа ақ кіреді, бел ауырып, балтыр сыздай бастайды… Ал көңілдегі армандар қол жетпес сағымдай болып қала береді.

«Сонда адам тек бала кезіңде және зейнет жасыңда ғана емін-еркін демалып, қалаған ісімен айналыса алады екен ғой» деген ой келеді. Тек бұл жерде баланың ата-анасы мен ата-әжесі тұрғанда ақшаның қайдан келетінімен ісі болмайды. Ал зейнет жасында сүйікті іспен айналысуға уақыт табылғанымен, оған ақша табыла қояр ма екен? Белгілі орысжазушысыВалентин Катаевтың «Кішкентай сыбызғы мен құмыра» деп аталатын ертегісін білесіз бе? Онда сиқыршы кішкентайқызға сыбызғы сыйлайды. Сол сыбызғыда ойнасаң, алаңқайда жапырақтардың астына жасырынған жидектердің барлығы көрінеді. Оларды еш қиналмай жинауға болады. Бірақ, жинауға ыдыс жоқ. Сонда жеткіншек қыз сиқыршыға өтініш жасайды. Сиқыршы сыбызғының орнына кішкентай құмыра береді. Қыз қуанып, алаңқайға жүгіріп шығады. Бірақ, жидектер сыбызғының әуені естілмеген соң көрінбейді. Мінеки, өмірде де солай, сыбызғы болса, құмыра жоқ, құмыра болса сыбызғы жоқ. «Әттең тонның келтесі-ай»! Жұмыс істеп жүрген кезде ақша бар, бірақ уақыт жетпейді, зейнетіңде уақыт бар, бірақ, қалтаң таяз.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: зейнеткерлікке шығып, қазыналы, қалталы қарт болып жүру үшін, сүйікті ісіңе қысылмай ақша жұмсау үшін ерте бастан қамданып, болашаққа қор жинағанабзал. Қаншалықты көп жинасаңыз, зейнет жасында алар зейнетақы да қомақты бола түседі. Яғни, «Не ексең, соны орасың». Әрине, қалта қалың болса, спортпен айналысуға, немерелерді ертіп, концерт, театрға баруға болады. Шипажайға барып демалуға,ел аралауға мүмкіндік табылады. Жастық шақта тартқан бейнеттің қартайғанда зейнетін көру үшін болашақты бүгіннен жоспарлап, құрметті демалысқа қаржы жинаңыз. «Тарта жесең тай қалар, тартпай жесең не қалар!?», — деп ата-бабамыз бекерге айтпаса керек-ті. Демек, зейнетақы шотыңыз тұрақты түрде жарналармен толығып тұрса,ол — қамсыз қарттығыңыздың кепілі! Бұл үшін ерікті зейнетақы жарналарының да тигізер септігі зор.«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» демекші, ерте бастан қамданып, болашағының іргесін бүгіннен бастап қалауға кіріскен жанның болашағы да жарқын бола түсері сөзсіз!

«БЖЗҚ» АҚ алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – тұрғындарға әлемдік стандарттарға сәйкес сапалы зейнетақы қызметін көрсету. Қор зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында әрбір азаматқа зейнетақы қызметіне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету стратегиясын алдына мақсат етіп қойып отыр. Ал оған жету үшін тікелей, қашықтықтан және өзіне-өзі қызмет көрсету жүйелерін дамыту қажет.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа жыл сайынғы Жолдауында сандық технологияларды ендіру, инновациялық даму және қарқынды технологиялық жаңғырудың ел экономикасы үшін маңызды екендігін атап өткен болатын.

«БЖЗҚ» АҚ көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және жаңғырту жолында салымшылар мен алушыларға жаңа, заманауи қызметтерді ұсынады. Айта кету керек, бұл қызметтер уақыт шығындап Қорға келіп, қағаз құжаттарды толтырудан құтқарады.

БЖЗҚ 2017 жылдың 30 маусымынан бастап www.enpf.kz сайтының «Жеке кабинет» және «Электрондық қызмет көрсету» бөлімінде мынадай сервистерді іске қосты. Олар:

  • міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде өтініш беру;
  • зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру;
  • берілген өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау.

Ескере кеткен жөн, зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті зейнеткерлік жасқа толған азаматтар мен мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген, 1-ші және 2-ші топтардағы мүгедектігі бар адамдар ғана жолдай алады.

Өткен жылдың үшінші тоқсанынан бастап тағы да жаңа сервистер іске қосылды. Оларды атап өтер болсақ, салымшының (алушының) жеке деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және зейнетақы жинақтарының жай-күйі бойынша хабарлау тәсілін өзгерту туралы қызметтер.

Міндетті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу және зейнеткерлік жасқа толу немесе 1,2 топтардағы мүгедектіктің мерзімсіз болып белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі өтініш беру рәсімі бірнеше минутты ғана алады.

Осылайша, Қор онлайн тәртібінде салымшының жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болған бүкіл кезеңі барысында – жеке зейнетақы шотын ашқаннан бастап зейнетақы төлемдерін алғанға дейін оған ілеспе қызмет көрсетеді. Осы электрондық қызметтер іске қосылған сәттен бастап алты ай ішінде көптеген салымшылар мен алушылар Қор кеңселеріне келмей-ақ қашықтықтан барлық маңызды операцияларды жүзеге асырды.

Атап көрсетер болсақ, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай салымшылар мен алушылар тарапынан жеке зейнетақы шотын ашу жөнінде – 250, ал зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде – 48 электрондық өтініш келіп түскен. Сондай-ақ 1 181 адам жеке деректемелеріне өзгерістер енгізсе, шамамен 500 салымшы (алушы) зейнетақы шоты бойынша ақпарат алу тәсілін интернет байланысы арқылы алуға ауыстырған.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басты міндеттерінің бірі – сапалы консультативтік қызмет көрсету және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық байланыс арналарын дамыту.

БЖЗҚ филиалдық желісінің қызметкерлері 2017 жылы кәсіпорындар мен ұйымдарда 18 мыңнан астам көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізді. Оларға 556 мыңнан астам адам қатысты. «БЖЗҚ» АҚ филиалдары салымшылар мен алушыларға қызмет көрсету бойынша автоматтандырылған ақпараттық жүйеде 6,3 миллионға жуық операцияны жүзеге асырған.

2017 жылдың наурыз айынан бастап Қордың сайтында «Төрайымның блогы» арнасы жұмыс істей бастады. Сол арқылы тұтынушылар Қордың Басқарма төрайымына тікелей сұрақ қоя алады.

Одан басқа, Қордың байланыс орталығының 1418 телефон нөмірі, Қордың корпоративтік сайтының «Кері байланыс», «Онлайн-чат» нысандары, сондай-ақ Қордың әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы Қорға хабарласуға болады.

Зейнетақы Қоры барлық салымшылар мен алушылар үшін ашық және қолжетімді. Қордың орталық аппаратына өтініштер қағаз жүзінде де келіп түседі. Сонымен қатар «Пікірлер мен ұсыныстар» кітабына пікірлер мен ұсыныстар қалдыруға болады.

Қордың ресми сайтында өткен жылы маусым айында іске қосылған көптеген сервистерді 2018 жылы Қазақстан Республикасының электрондық үкімет және Қордың ұялы қосымшасы арқылы қолжетімді ету жоспарланып отыр.

2018 жылдың 20 қарашасында БЖЗҚ АҚ Астана қаласындағы филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетімді» атты Ашық есік күні өтті. Оған 436 адам қатысты.

Алғаш рет шараға салымшылар мен алушылармен бірге жоғары сынып оқушылары мен студенттер арнайы шақырылды. Филиал директорының орынбасары А.Ниетов атап өткендей, БЖЗҚ өскелең ұрпақтың арасында қаржылық сауаттылық пен зейнетақыны жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән береді.

- «Қазір зейнеткерлер зейнетақысының негізгі бөлігін мемлекеттік бюджеттен алатын болса, келешекте бүгінгі оқушылар мен студенттердің зейнетақы көлемі негізінен олардың өздерінің аударған жинақтарына байланысты болады. Сондықтан оларды мектеп табалдырығынан бастап зейнетақыны жоспарлауға үйретуіміз керек», - дейді филиал жетекшісі.

Қор қызметкерлері Ашық есік шарасына келгендерге зейнетақы қызметтері мен кеңес алу жолдары туралы айтып берді. Сонымен қатар шараға қатысушылар қор қызметтеріне қалай жүгінуге болатындығымен және кеңес алу жолдарымен танысты.

Зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басым бағыттарының бірі. БЖЗҚ әрдайым хабарландыру тәсілдері мен қызметтердің сапасын уақыт талабына сай дамытуға тырысады. Бүгінде Қор қызметтері еліміздің барлық тұрғындарына дерлік қолжетімді. Республиканың бүкіл аймақтарында 216 дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. Көшпелі қызмет тиімді ұйымдастырылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мобильді агенттер қызмет көрсетеді.

Биыл көктемде Алматы, Атырау, Қостанай облыстарында шалғай елді мекендерге қызмет көрсету үшін жылжымалы кеңселер іске қосылды. Келесі жылы көліктегі кеңселер еліміздің тағы 12 аймағында жұмысқа кіріспек. Өзіне-өзі қызмет көрсетуді жетілдіру үшін барлық өңірлік филиалдарда терминалдар, 10 қалада ақпараттық дүңгіршіктер орнатылған. Сонымен қатар көптеген қызмет түрлері ЕНПФ сайты, egov.kz электрондық үкімет сайты және биыл іске қосылған telegram-бот арқылы да қолжетімді. Салымшыларға кеңес беру үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығы жұмыс істейді. Толғандырған сұрақтарды Қор төрайымының блогына немесе әлеуметтік желілердегі парақшаларға жолдауға болады.

- БЖЗҚ қызметтерінің 80 пайызы қазір қашықтықтан электрондық түрде қолжетімді. Осының арқасында кеңсеге келіп, кезек күтпей-ақ интернет арқылы немесе ұялы телефондардың кез-келген операциялық жүйесіне бейімделген ENPF ұялы қосымшасы арқылы қызмет алуға болады. Бұл салымшылар мен алымшылардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді», -деп атап өтті филиал директордың орынбасары.

Қор өкілдерінің айтуынша, электрондық тәсілмен міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын есептеу жөніндегі жеке зейнетақы шоттарын ашуға, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы хабарлама алуға, деректемелерді немесе ЖЗШ жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгертуге, т.б. қызметтер алуға болады. Сондай-ақ, Қор сайтында болашақ жинақтар мен төлемдердің шамалас мөлшерін есептеуге арналған зейнетақы калькуляторы бар.

Қор қызметкерлері шараға қатысушыларға жеке кеңес беріп, оларды қор қызметтеріне өз бетінше жүгіну тәсілдеріне, жеке кабинет ашуға, ұялы қосымшаны қолдануға үйретті. Шараға қатысушы жастар арасында зейнетақы жүйесі туралы сұрақтар бойынша викторина ұйымдастырылды. Сайыста МКҚК«Көпбейінді колледжі», «Менеджмент және бизнес колледжі », «Басқару Колледжі», «Казпотребсоюздың Сауда-экономикалық колледжі», Евразия университетінің Колледжі, АҚ «Астана» Медициналық Университеті озық нәтиже көрсетті. Филиал директорының орынбасары А.Ниетов жеңімпаздарды Неталиева Айнур, Бекберген Өмірнұр, Жұмағали Айдана, Айтжан Аяжан, Тұрғанбаев Ербол, Жалғасова Айгерім, Мейзбаева Мадина, Жанбосынова Асем, Куттыбек Бабыр, Есмагамбетова Айгерим, Юсупов Аскар, Қыдырәлі Нурмұхаммед-Алі, Оспанова Анель, Мырзабай Айнур, Аманхос Нурғиса, Кунхожаев Жанқожа, Бекжан Динара, Сабеков Айдар, Кошкинбай Талғат, Сапарбеков Ақсымбай, Кенесова Аяжан, Довгая Светлана, Черпитяк Николай, Сапарова Асель, Аманкелды Султанбек алғыс хаттармен марапаттады.

- «Мен бүгін зейнетақы жүйесі туралы, Қор қызметтерін интернет арқылы қалай пайдалунға болатыны туралы көптеген қызықты мағлұмат алдым. БЖЗҚ ұялы қосымшасын телефоныма жүктедім, енді ата-анамды оны қалай пайдалану керектігіне үйретемін», - дейді шараға қатысушы оқушы Черпитяк Николай.

БЖЗҚ АҚ Ашық есік күнін екінші жыл қатарынан тоқсан сайын өткізіп келеді. Оған қатысушылар зейнетақы жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістер туралы біліп қана қоймай, жеке кеңес те ала алады. Осы уақыт іаралығында аталмыш шараға 30 мыңға тарта адам қатысты.

Пайдалы сілтемелер