Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық шешімдерді ҚР ҰБ Басқармасының 2016 жылдың 18 наурызындағы №86 қаулысымен бекітілген бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының инвестициялық декларациясына сәйкес қабылдайды. Сонымен бірге, инвестициялық шешімдер,соның ішінде Қордың зейнетақы активтерін орналастыруға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсыныстарына сәйкес қабылданады.
ҚР ҰБ инвестициялық стратегиясына сай ұзақмерзімді перспективада табыстылықтың үйлесімді деңгейін қамтамасыз ету үшін активтер теңгемен де, шет елдік валюталармен номиналданған түрлі қаржы құралдарына диверсификацияланады. Сонымен қатар, тәуекелдерді барынша төмендету үшін зейнетақы активтері түрлі қаржы құралдарына инвестицияланады.
Қазіргі кезде зейнетақы активтері мемлекеттік, квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың құнды қағаздарына, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары мен акцияларына инвестицияланып, екінші деңгейлі банктер мен шетелдік банктердің депозиттеріне және сенімді шетелдік эмитенттердің құралдарына салынған. Инвестициялық қызмет туралы ақпарат Қордың www.enpf.kz ресми сайтында («Қор туралы» — «Инвестициялық қызмет» — «Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құрылымы») бөлімінде жүйелі түрде жарияланып тұрады.
«БЖЗҚ» АҚ www.enpf.kz сайтында зейнетақы активтері есебінен жасақталған инвестициялық портфель құрылымы мемлекеттік, орыс және ағылшын тілінде жарияланып, эмитенттің атауын, қағаздардың көлемін, қаржы құралдарының есепті датаға номиналды және ағымдағы бағасы көрсетіледі.
2018 жылдың 1 маусымына БЖЗҚ-ның ҚР Ұлттық банкінің сенімді басқаруындағы зейнетақы активтері 8, 263 трлн теңге болды.
Портфельдің негізгі бөлігін- 45,94% — Қазақстан Республикасының мемлекеттік қағаздары құрайды. МҚҚ ағымдағы бағасы 3 796,80 млрд теңге.
Инвестицияланған зейнетақы активтерінің ішінде екінші орында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің облигациялары тұр, олардың портфельдегі үлесі — 14,71%, ал ағымдағы бағасы — 1 215,58 млрд теңге.
Сонымен қатар, инвестициялық портфельде:
— шетелдік мемлекеттердің мемлекеттік құнды қағаздары (11,71%);
— Қазақстанның квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары (8,86%);
— банктердің депозиттері: қазақстандық (3,84%) және шетелдік (5,58%);
— тәуекел мен портфельдің табыстылығын қамтамасыз ететін басқа да құралдар.
Қаржы құралдарының инвестициялық портфеліндегі валюталардың үлесі:
Инвестициялық қызметтің бағыттарына, шетел валюталары курстарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтағы бағасына байланысты есептелген инвестициялық табыстың көлемі 2018 жылдың басынан 251,41 млрд. теңгені құрады. 2018 жылдың басынанБЖЗҚ салымшыларының (алушыларының) шоттарына аударылған зейнетақы активтерінің табыстылығы 2,98%-ды құрады.
Инвестициялық табыс әрдайым аударылып тұрады. Ол күн сайын әрбір қаржы күнінің соңында жинақтар толықтай таусылғанша, салымшы зейнетке шығып, зейнетақы ала бастағанның өзінде, оның Қорда сақтаулы тұрған жинақтарына одан әрі аударыла береді.
Жинақтардың жай-күйі туралы және инвестициялық табыс туралы ақпаратты жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) үзінді-көшірмесінен алуға болады. Ол ақысыз беріледі, ал хабарландыру тәсілін салымшы (алушы) өз бетінше таңдайды. Үзінді-көшірме алудың келесі тәсілдері бар:
ЖЗШ-дан Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында қарастырылған жағдайлар туындауына байланысты жасалатын төлемдерге, соның ішінде есептелген инвестициялық табысқа, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық салынады.
Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы» (ҚР Салық Кодексі) зейнетақы төлемдері төлем көзінен салық ұсталатын табысқа жатады.
ҚР Салық Кодексінің 170 бабына сәйкес, салық салуға жататын зейнетақы төлемі ретіндегі табыс түрлеріне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі салық төлеушілердің келесі зейнетақы жарналары есебінен жасалатын төлемдері жатады: міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары.
Алайда, зейнетақы жасына келген, Қазақстан азаматтары болып табылатын салымшылар (алушылар) кесте бойынша немесе Қазақстан Республикасынан тыс аумақтарға тұрғылықты тұруға кетуіне байланысты зейнетақы төлемдерін алғанда салық төленетін табыс көлемін азайтатын салық шегерілімдеріне қақысы бар. Басқаша айтқанда, табыс салығы төлемнің барлығына емес, оның бір бөлігіне ғана салынады. Салықтың түпкі мөлшерін есептеу үшін «бір жылдық зейнетақы төлемінен» «бекітілген салық шегерілімі» сомасын алып тастау керек.
Сонымен қатар кейбір азаматтар ҚР Салық кодексінің 1 бабының 13) және 13-2) тармақтарына сай табысын ең төменгі айлық жалақысының 75 еселенген шегінде түзетуіне болады.
Бүгінде Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұрады. Олар:
1) мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және жасына (еңбек өтіліне) байланысты ортақ зейнетақы;
2) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына негізделген міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі;
3) ерікті зейнетақы жарналарына негізделген жинақтаушы жүйе.
Алғашқы деңгей бойынша ортақ зейнетақы — ұрпақтар ынтымақтастығына негізделген жүйе. Келешекте ол біртіндеп азайып, 2040 жылдары мүлдем тоқтатылады. Өйткені, ортақ зейнетақыны алу үшін 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі кемінде 6 ай болуы керек.
Базалық зейнетақы да ортақ зейнетақы секілді мемлекеттік бюджет есебінен төленеді. Бүгінде базалық зейнетақы барлық зейнеткерге бірдей мөлшерде төленеді. Алайда 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны есептеу тәртібі өзгереді. Бұл ретте оны тағайындауда 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі және зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі еңбек өтілі ескерілетін болады.
Екінші деңгей бойынша міндетті зейнетақы жарналары 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілді. Оның көлемі жұмыскердің айлық табысының 10 пайызын құрайды. Бұл жарналарды зейнетақы Қорына жұмыс берушілер аударады. Ал міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. Оның көлемі жұмыскердің айлық табысының 5 пайызын құрайды. Осы жарналардың есебінен қалыптасқан жинақтар салымшының меншігі болып табылады және мұраға қалдырылады.
2020 жылдан бастап жарналардың жаңа түрі — жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу жоспарланған. Бұл жарналардың көлемі жұмыскердің айлық табысының 5 пайызын құрайды.
Үшінші деңгей бойынша ерікті зейнетақы жарналарының мөлшері және төлеу тәртібі салымшы мен Қордың өзара келісімі бойынша белгіленеді. Бұл жарналар арқылы салымшы өз жинақтарын елеулі түрде көбейте алады. Осылайша Қазақстанда бірегей зейнетақы жүйесі қалыптасқан. Бұл ретте болашақ зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігі мемлекет, жұмыс беруші және салымшы арасында оңтайлы үлестірілген.
Салымшылар мен алушылар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарынан басқа ерікті зейнетақы жарналарын да аудара алады. Ерiктi зейнетақы жарналары — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салымшылардың өз бастамасы бойынша салатын ақшасы. Жеке тұлға бұл жарналарды өз табысы есебінен төлейді және өз атына немесе үшінші бір тұлғаның атына аудара алады. Бұл ретте заңды тұлғалар да жеке тұлғалардың, яғни өз жұмыскерлерінің атына ерікті зейнетақы жарналарын аударуға құқылы. Мұны көп жағдайда өздерінің қол астындағы мамандарын еңбекке ынталандыру мақсатында жасайды.
Ерікті зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу, сондай-ақ, зейнетақы төлемдерін жасау тәртібі шарт тараптарының өзара келісімі бойынша белгіленеді. Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт БЖЗҚ мен салымшы арасында жазбаша түрде жасалады және қол қойылған күннен бастап күшіне енеді. Шарт жасасу Қорға салымшы (алушы) жеке өзі келгенде жүзеге асырылады. Егер шарт үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын болса алушы да Қорға келуі тиіс. Бұл ретте салымшының (алушының) заңды өкілі немесе оның орнына нотариат куәландырған сенімхат негізінде сенім білдірілген тұлға өтініш бере алады. Өз пайдасына ерiктi зейнетақы жарналарын аудару үшін салымшы (алушы) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқа) тапсырса, үшінші адамның пайдасына шарт жасау үшін алушы да екеуі жеке басты куәландыратын құжат (түпнұсқа және көшірме) тапсырады. Заңды тұлғалар үшінші адамның пайдасына шарт жасасу үшін тиісті құжаттар топтамасын ұсынады. Кәмелетке толмаған тұлғалар да ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаса алады. Бұл ретте шарта кәмелетке толмаған тұлғаның атынан оның заңды өкілі қол қояды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар:
1) елу жасқа толған;
2) мүгедек болып табылатын;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды.
Ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалдырылады.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге жататын міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жұмыскердің ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Бұл жарналарды жұмыс берушілер еңбек жағдайлары зиянды деп саналатын жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерінің пайдасына өз қаражаты есебінен төлейді.
Еңбек жағдайлары зиянды кәсіптер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген Тізбеде көрсетілген. Егер, еңбек өнімділігі жақсарып, денсаулыққа зиянды жағдайлар жойылатын болса және ол өндірістік нысандарды аттестаттау нәтижесімен расталса, жұмыс берушілер міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады.
Жұмыскер жалақы алғанына қарамастан жұмыс беруші уақтылы ұстап қалмаған (есепке жазбаған) және (немесе) аудармаған міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомаларын мемлекеттік кіріс органдары өндіріп алады немесе агент оларды уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі мөлшерінде мерзімі өткен әрбір күн үшін (Мемлекеттік корпорацияға төлеу күнін қоса алғанда) есепке жазылған өсімпұлмен бірге жұмыскерлердің пайдасына аударуға тиіс.
Мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарының толық және уақтылы төленуін бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асырады.
2020 жылдан бастап елімізде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу жоспарланып отыр. Соған сәйкес, барлық отандық жұмыс берушілер еңбек жағдайларына қарамастан өз қаражаты есебінен жұмыскерлерінің пайдасына олардың айлық жалақысының 5 пайызын зейнетақы Қорына аударып отырады.
Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жұмыс берушінің ұсынған тізімі бойынша әрбір жұмыскердің атына шартты зейнетақы шоты ашылады. Ондағы жинақтар жұмыскердің меншігі болып табылмайды және мұраға қалдырылмайды. Шартты зейнетақы шотындағы жинақтар оған өмір бойына ай сайын төленіп отырады. Бұл төлемдер шартты-жинақтаушы жүйедегі жинақталған қаржыны салымшылар арасында қайта бөлу, үлестіру арқылы жүзеге асырылады.
Заң бойынша шартты зейнетақы шоттарындағы жинақтар зейнеткерлікке шыққан жандарға, сондай-ақ, мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға төленеді. Бірақ бұл үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары олардың шартты зейнетақы шотына кемінде 60 ай (5 жыл) тұрақты түрде аударылған болуы керек. Сәйкесінше алғашқы төлемдер 2025 жылдан бастап жүзеге асырыла бастайды.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастапБірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен құралған зейнетақы төлемдері тек ай сайын жүзеге асырылып жатыр.
Бұл ретте зейнетақы төлемдерін алушы алғаш рет өтініш берген күні, оның шотындағы жинақтардың сомасы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаса, бұл сомаалушыға бір рет толығымен төленеді. Биыл ең төмен зейнетақының мөлшері: 33 745 теңге. Сәйкесінше оның 12 еселенген мөлшері: 404 940 теңге.
БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемдерді есептеу үшін зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициенттері қолданылады. Коэффициенттер кестесі тұрақты шама және ол ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген.
Ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің мөлшері алушының жасына, сондай-ақ оның жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының сомасына байланысты болады. Алушының жасына сәйкес зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы тиісті коэффициентке көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Одан шыққан сома – айлық зейнетақы болып табылады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Сіздің ай сайын алатын зейнетақы төлемдеріңіз былайша есептеледі: алушының зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы оның тиісті жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентіне көбейтіледі (мысалы 63 жаста ол — 0,10467 санын құрайды).Шыққан сома 12-ге бөлінеді. Одан алынған сома Сіздің тиісті күнтізбелік жылдағы айлық зейнетақыңыз болып табылады.
Еске сала кетелік, БЖЗҚ-ның www.enpf.kzресми сайтында зейнетақы калькуляторы орналастырылған. Сол арқылы болашақта алатын ай сайынғы зейнетақы төлемдерінің шамасын болжамды түрде есептеп шығаруға болады.
БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ай сайын жүзеге асыру тәртібіне қатысты заңнамалық өзгерістер МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарына ғана тиесілі.
Ерiктi зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі, оларды төлеу тәртiбi, сондай-ақ зейнетақы төлемдерiн төлеу тәртiбi ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт тараптарының келiсуi бойынша белгiленедi.
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 33-бабына сәйкес ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-дазейнетақы жинақтары бар:
1) елу жасқа толған;
2) мүгедек болып табылатын;
3) Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кететiн немесе кеткен және кету ниетiн немесе фактiсiн растайтын құжаттарды ұсынған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес құжаттар пакеті ұсынылған соң, БЖЗҚ құжаттар қабылданған немесе келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады.
БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай, қажетті құжаттардың маңызды тізбесі, оларды рәсімдеуге қатысты талаптар, сондай-ақ өтініштер бланкасы, төлем валютасының түріне қарай оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгілері БЖЗҚ-ның www.enpf.kzвеб-сайтында орналастырылған.
Бүгінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ақысыз түрде зейнетақы жинақтарының көлемі, жай-күйі туралы ақпарат берудің бірнеше тәсілін ұсынады.
Нақты айтар болсақ салымшы:
— зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде (Қордың 218 дербес қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді);
— пошта байланысы арқылы (үзінді-көшірме салынған конверт әр жылдың басында салымшының Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу туралы өтінішінде көрсетілген мекенжайына жолданады);
— электрондық пошта арқылы (оны таңдаған кезде зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының шот ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімде көрсеткен электрондық поштасына (таңдауына қарай: ай сайын, үш ай сайын, жарты жылда бір рет) жолданады);
— және логин мен құпия сөзді(пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, www.enpf.kz сайтының «Электрондық қызмет көрсету» — «Жеке кабинет» бөлімі, www.e-gov.kzсайтының «Әлеуметтік қамтамасыз ету» — «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімі, сондай-ақ «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ала алады.
Салымшы осы тәсілдердің ішінен өзіне ыңғайлысын таңдайды. Бірақ, олардың ішінде зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты интернет байланысы арқылы алу өте қолайлы. Ол салымшылар мен алушылардың арасында кеңінен танымал болып жатыр.Өйткені ол ақпаратты кез келген уақытта, кез келген жерде біліп отыруға мүмкіндік береді.
Егер бұған дейін зейнетақы шотыңыз туралы ақпаратты конвертпен алып келген болсаңыз, басқа тәсілді, оның ішінде интернет байланысын таңдаған жағдайда жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Қордың жергілікті бөлімшесіне бір рет барып өтініш берсеңіз болғаны. Сол жерде ұялы телефоныңызға «ENPF» ұялы қосымшасын да жүктеп аласыз. Әрине ұялы телефон Wi-Fi интернет желісіне жалғанған болуы тиіс.
Үзінді-көшірменікез келген кезең бойынша (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдауғаболады.
Бүгінде логин ретінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізуге рұқсат етілген.Электрондық цифрлық қолтаңба Халыққа қызмет көрсету орталығынан беріледі.
Ұялы қосымшада анықтамалық ақпараттар, яғни, филиалдардың мекенжайлары, қордың көрсеткіштері және басқа да маңызды жаңалықтар бар. «ENPF» ұялы қосымшасын барлық операциялық жүйелерге, кез-келген смартфонға тегін жүктеуге болады.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары электронды үкімет порталында инвестициялық кірісі көрсетілген зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпаратты ала алады.
Анықтаманың жаңа түрінде салымшының зейнетақы жинақтарының жағдайы, жеке зейнетақы шоттағы қаражаттың қозғалысы, зейнетақы жарналарының түсуі, зейнетақы төлемдерінің жүзеге асуы, сондай-ақ инвестициялық кіріс туралы ақпарат бар.
Бұрынғы ЗТМО электрондық анықтамасы салымшының зейнетақы шотындағы қозғалысты көрсеткен, бірақ онда инвестициялық кіріс көрсетілмеді. БЖЗҚ жаңа анықтамасы, соның ішінде салымшы белгілі уақыттың ішінде қандай кіріс немесе шығын алғандығын көрсетеді.
Қызмет www.egov.kz порталы «Азаматтар» категориясы – «Әлеуметтік қамтамасыз ету» тарауы – «Зейнетақылық қамтамасыз ету» бөлімінде қол жетімді. Қызметті алу үшін электрондық цифрлық қолтаңба және электрондық үкімет порталында тіркелу қажет. Қызмет көрсету мерзімі 30 минуттан аспайды.
БЖЗҚ ақпараттық жүйелері мен электрондық үкімет порталын біріктірудің басты мақсаты – бұл жинақ туралы барлық ақпаратты қадамдық қол жетімділікте алу мүмкіндігі. Енді әр салымшы өзінің зейнетақы жинақтауларын дұрыс бақылай алады.
2015 жылдың ақпан айында «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық табыс ескерілген) жай-күйі туралы ақпарат беру» қызметі іске қосылған сәттен бастап 2017 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жағдай бойынша электрондық үкімет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 352 мың үзінді көшірме берілген.
Аталған анықтама салымшылардың жеке мақсаттары, сондай-ақ банк несиесін алу немесе салық декларациясын толтыру үшін қолданыла алады.
«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
Если сейчас размер базовой пенсии у всех единый и не зависит от трудового стажа, то с 1 июля 2018 года повышение пенсии будет происходить за счет добавления процентов к базовой пенсии. Так как изменится сама система начисления базовой пенсии.
Если сейчас базовая пенсия составляет 50% от прожиточного минимума. А после повышения с июля 2018 года будет составлять от 54% до 100% прожиточного минимума.
По новой методике начисления пенсий учитываться будет трудовой стаж, выработанный до 1 января 1998 года, и период поступлений пенсионных взносов в накопительную пенсионную систему после 1998 года.
Если трудовой стаж 10 лет или меньше, или трудового стажа нет вообще, базовая пенсия будет составлять 54% от прожиточного минимума.За каждый год свыше 10 лет стажа будет добавляться по 2%.Если же стаж 33 года и более – размер базовой пенсии будет равен прожиточному минимуму (28 284 тенге в 2018 г.).
Например, размер базовой пенсии в 2017 году был 14 466 тенге. С 1 января 2018 (после повышения базовой пенсии у всех на 6%) – составит примерно 15 274.с 1.07.2018 она вырастет до 28 284 тенге (максимально при стаже работы 33 и более лет).
Перерасчет базовой пенсии будет произведен единовременно для всех пенсионеров.Пересчет базовой пенсии для тех, кто уже находится на заслуженном отдыхе, будет произведен автоматически. Никаких дополнительных документов предоставлять не нужно. Все данные о перечислениях в пенсионную накопительную систему имеются в единой информационной системе.
Сведения о трудовом стаже до 1.01.1998 г. необходимо будет представить только тем гражданам, которые выходят на пенсию после 1 июля 2018 г.
Ағымдағы жылы ақпан айының басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің ресми сайтының дизайнын жаңартты.
Жаңартылған сайт тиянақты түрде құрылымдалды жәнезаманауи сипатқа ие болды. Қазіргі уақытта пайдаланушылар үшін оның құрылымын, беттерін аралау өте ыңғайлы.Бұл ретте бұрынғы сайттың ақпараттылығы толығымен сақталды.
Ақпараттар легі жақсы қабылдануы үшін Қор артық бөлімдерді жойып, басты беттің құрылымын өзгертті. Енді www.enpf.kzсайтына кіріп, маңызды ақпараттармен, статистикалық мәліметтермен танысып, Қордың жіберіліміне жазылуға болады.
Сайттың құрылымына өзгерістер енгізудегі басты мақсат – сайтты түсінікті және барынша қолжетімді ету. Сонымен қатармаңызды және шынайы ақпараттар алу жағына баса назар аудару. Сайт Қор мамандарының күшімен жасалды. Бұған қандай да бір қаражат жұмсалған жоқ.
Порталды жетілдіру жұмыстары одан әрі жалғасуда: қазір БЖЗҚ қызметкерлері салымшылар мен алушылардың қажеттіліктеріне негізделген цифрлық сервистер топтамасын дамыту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мысалы, 2018 жылдың 28 ақпанынан бастап Қор сайтында жаңа сервис: «ЖЗШ ашу жөніндегі өтінішті/зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жаңа редакцияда алу» (немесе «Көшірме нұсқалар») қызметі іске қосылды. Бұл қызмет Қор салымшылары арасында ерекше танымалдыққа ие болып отыр. Мысалы, 2016 және 2017 жылдары БЖЗҚ бөлімшелерінде шарттардың 2,9 миллионнан астам «көшірме нұсқалары» берілді.
Енді Қор сайтындағы Жеке кабинетке логин және құпия сөз (пароль) арқылы кіре алатын, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) өзекті кілтіне ие қазақстандықтар бұл қызметтерді қашықтықтан пайдалана алады.
2018 жылдың алғашқы тоқсанының соңына дейін Қор сайтында ЭЦҚ арқылы ерікті зейнетақы жарналары есебінен (өз пайдасына) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу мүмкіндігі жүзеге асырылады.
Естеріңізге сала кетелік, 2017 жыл барысында Қор сайтында бірқатар жаңа электрондық сервистер іске қосылды. Солардың көмегімен Қордың негізгі қызметтерін қашықтықтан пайдалануға болады. Олар атап айтар болсақ:Қордың ресми сайтына кіріп, «Жеке кабинет» бөлімі арқылы міндетті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш беру. Сол өтініштердің орындалу мәртебесін қадағалау, жеке деректемелерге өзгерістер енгізу және зейнетақы шотының жай-күйі туралы үзінді-көшірмені электрондық поштаға жіберу мүмкіндігі.
Қор сайтты жаңарту және цифрлық қызметтерді дамытумен ғана шектеліп қалмайды. Сонымен қатар ұялы байланыс операторларымен де белсенді ынтымақтастық орнатып жатыр. Ондағы мақсат – абоненттерге ENPF ұялы қосымшасын трафикті есепке алмай пайдалануға мүмкіндік беру.
Қазірдің өзінде Tele2 және Altel бірлескен компаниясының абоненттері өздерінің шоттарында теңгерімнің бар-жоғына қарамастан Қордың ұялы қосымшасын пайдалана алады. БЖЗҚ жақын уақытта басқа да операторлармен осындай келісімдер жасауды жоспарлап отыр.
БЖЗҚ электрондық қызметтерді деректерді талдау және дербестендіру негізінде көрсетеді. Бұл ретте салымшылар мен алушылар, яғни сервистерді пайдаланушылардың қажеттіліктері ескеріледі.Бұл барлық санаттағы адамдарды және олардың қызмет саласын қамтуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияларды ең алдымен электрондық сервистер саласында дамыту – БЖЗҚ қызметінің басты бағыттарының бірі.
Айта кетелік, қазіргі кезде электрондық байланыс арналары арқылы көрсетілетін қызметтердің үлес салмағы 52 пайызды құрайды. Ал 2021 жылға дейін оны 55 пайызға жеткізу жоспарланған.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты жылына кемінде бір рет беруге, сондай-ақ кез келген сұрау салынған күнге оның сұрауы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті. Осыған байланысты «БЖЗҚ» АҚ салымшыларға (алушыларға) биыл да жыл сайынғы міндетті ақпарат беру науқанын бастады.
Жеке зейнетақы шотының (ЖЗШ) жай-күйі туралы ақпарат тегін беріледі, ал алу тәсілін салымшы (алушы) өзі таңдайды. ЖЗШ-дан үзінді-көшірмені мынадай тәсілдермен алуға болады:
— дәстүрлі пошта байланысы арқылы – жылына бір рет;
— электрондық пошта арқылы — үзінді-көшірме таңдалған кесте бойынша (ай сайын, үш ай сайын, алты ай сайын, жыл сайын) жолданады;
— Қор кеңсесіне тікелей өзі келгенде – шектеусіз түрде;
— интернет байланысы арқылы (сайт немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы) – онлайн тәртібінде – шектеусіз.
— ҚР электрондық үкіметі (www.egov.kz) сайтында электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен «Әлеуметтік қамтамасыз ету» — «Зейнетақымен қамтамасыз ету» — «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімі арқылы үзінді-көшірме алуға болады.
2017 жылды қорытындылай отырып айтар болсақ, салымшылар мен алушылар арасында ақпарат алудың электрондық тәсілдері танымал бола түскен. Ал зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты Қор кеңселеріне келіп алу саны өткен жылдармен салыстырғанда елеулі түрде азайған. Мысалы, 2017 жылдың қорытындысы бойынша хабарлау тәсілі ретінде «Жеке өзі келіп өтініш жасау» жолын таңдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 20 пайызға азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 2,2 млн адамды құраса, «Пошта байланысы» тәсілін таңдағандар саны өткен жылы 18 пайызға азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 1,8 млн адамды құрады.
Сонымен қатар 2017 жылы интернет байланысы тәсілін таңдағандар саны 2016 жылмен салыстырғанда 33 пайызға артып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 3,9 млн адамды құрады. Ал үзінді-көшірмені электрондық пошта арқылы алуды таңдағандар саны 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 0,8 млн адамға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 75 пайызға жоғары. Осылайша, ағымдағы жылдың басына қарай үзінді-көшірмені электрондық жолмен алу тәсілін таңдағандар саны 4,7 млн адамнан асты.
Электрондық пошта арқылы хабарлау тәсілі Алматы мен Астана қалаларында танымал бола түскен. Яғни, бұл қалаларда кептелісте тұрғысы келмейтіндер саны бір жыл ішінде сәйкесінше 65 және 70 пайызға артып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 195 және 174 мың адамды құрап отыр. Ал бұл екі қаланың экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындарының 22 және 36 пайызын құрайды.
Ел өңірлерінде интернет байланысы бойынша жағдай мынадай сипатқа ие. Бірінші орында Алматы қаласы, екінші орында Оңтүстік Қазақстан облысы, ал үшінші орында Қарағанды облысы келеді. Бұл қалаларда интернет байланысын пайдаланушылар саны өткен жылдың ішінде сәйкесінше 30, 35 және 33 пайызға өсіп, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай шамамен 560 мың, 395 мың және 324 мың адамға жетті. Бұл осы облыстардағы экономикалық тұрғыдан белсенді тұрғындардың 63, 35 және 49 пайызын құрайды.
Үзінді-көшірмелер салымшылардың (алушылардың) ЖЗШ ашу туралы өтінішінде, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе хабарлау тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісімде көрсетілген мекенжайларға, электрондық пошталарға жолданады. Егер салымшы (алушы) мекенжайын өзгертсе және бұл туралы жыл соңына дейін БЖЗҚ-ға хабарламаса, онда пошта байланысы арқылы 2017 жыл бойынша жіберілген үзінді-көшірме Қорға қайтып оралады. Бұл жағдайда БЖЗҚ қолданыстағы зейнетақы заңнамасына сәйкес, келесі жылы үзінді-көшірмені оған жібермеуге құқылы.
Егер ағымдағы жылдың 1 қаңтарына қарай салымшының зейнетақы шотында қаржы болмаса немесе қандай да бір хабарлау тәсілі таңдалмаған болса, БЖЗҚ оған өткен жыл бойынша зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты жібермейді.
2017 жылы зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты алу мүмкіндіктері жайында бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемде түсіндіру науқаны жүргізілген болатын. Бірақ, соған қарамастан қазіргі уақытта 1,3 миллионға жуық адам үзінді-көшірме алмайды. Оған себеп – олар зейнетақы шотын ашарда хабарлау тәсілін белгілемеген.
Қазіргі уақытта барлық дербес қызмет көрсету орталықтарында салымшылардың бұл санатымен жұмыс жүргізіліп жатыр. Қорға өтініш жасап келген кезде оларға зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу тәсілі ретінде интернет байланысы ұсынылады. Одан басқа, «БЖЗҚ» АҚ салымшыларға тікелей хабарлау шараларын жүргізіп жатыр. Бұл ретте салымшылар мен алушылардың электрондық поштасына e-mail-хабарландыру және ұялы телефондарына SMS-хабарландырулар жіберілу үстінде. Сонымен қатар БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында салымшалырға жеке деректемелерін өзектендіру қажеттігі туралы материалдар жариялай отырып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда.
БЖЗҚ салымшыларға (алушыларға) Қор кеңселеріне келіп өтініш жасау немесе өзекті электрондық цифрлық қолтаңбаның (ЭЦҚ) көмегімен өзінің жеке деректемелерін өзектендіруге және/немесе ыңғайлы, заманауи хабарлау тәсілін таңдауға кеңес береді. Өйткені ескі деректемелер Қордың өз міндеттемелерін орындауына кері әсер етеді.
Ең танымал және заманауи хабарлау тәсілі – интернет байланысын таңдаған жағдайда жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірмені онлайн тәртібінде кез келген уақытта, кез келген жерде enpf.kz сайты немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы алуға болады. Бұл ретте салымшы үзінді-көшірме алу үшін кез келген кезеңді (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық) таңдай алады.