График работы:
с 08:00 - до 18:00

Президенттің айтуынша, қарулы қарақшылар мен бұзақылар бүлік шығарды, үлкен қылмысқа барды. Ұйымдасқан қылмыстық топтар билікті басып алмақ болды.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында қаңтар оқиғасын ұйымдастырып, оны пайдаланғысы келгендер туралы айтты.


«Басында халық бейбіт шеруге шықты. Талабын айтып, наразылығын да білдірді. Кейін жағдай мүлдем басқаша болып кетті. Арнайы дайындықтан өткен бүлікшілер наразылыққа шыққан халықты пайдаланбақ болды. Қарулы қарақшылар мен бұзақылар бүлік шығарды, үлкен қылмысқа барды. Ұйымдасқан қылмыстық топтар билікті басып алмақ болды. Алайда митингке шыққандардың бәрін қылмыскер деп атауға келмейді. Мыңдаған адам қаланы қиратып, нағыз террористік әрекеттерге барды. Бірақ, қазір бәрі жай ғана бейбіт азаматтар болып шықты. Бұған кім сенеді? Дегенмен жазықсыз қамауға алынғандарды тергеу анықтап жатыр. Қазір күрделі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы ҰШҚҰ әскерін не мақсатпен елге кіргізгенін де айтып берді.

«Алматының басты нысандарын қарулы адамдар басып алғанын көрдік. Елордаға шабуыл жасауға дайындалды. Басқа да қалаларды басып алудың алдын алу үшін осы тұста ҰҚШҰ әскерін шақыруға шешім қабылдадым», – деді Президент.

Полезные ссылки