Өзінің 30 жылдық еңбек жолын таңдаған ісіне және адамдарға қызмет етуге шексіз берілгендігімен өткізді. Ол әрдайым қайырымды, сезімтал және басқа адамдардың мәселелеріне бей-жай қарамайтын. Мұқтаж жандарға көмек қолын созып, оны тек сөзбен ғана емес, іспен де қолдап отырды. Қызметкерлер мен пациенттер Еркінбек Кеңесұлын кәсібилігі, мейірімділігі, ізгі ниеті, адамдарға деген жанашырлығы мен ұқыптылығы үшін жоғары бағалайтын.
Ол өмірінің соңына дейін мұқтаж адамдарға көмек қолын созуға әрқашан дайын болды және осы қиын кезеңде өз басына қауіп төнсе де өмірлерін сақтап қалды.
Астана қаласының «№ 3 көпбейінді қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК әкімшілігі марқұм Еркінбек Кеңесұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады.