График работы:
с 08:00 - до 18:00
Бронх демікпесінің алдын алу үшін қандай шаралар қолданылу керек?
Осы сұраққа біз №3 Көпбейінді қалалық аурухананың дәрігер-пульмонолог Гаухар Құдайбергеновадан консультация алдық.

‼️ Дәрігердің айтуынша, әсіресе генетикалық бейімділігі бар адамдар отбасында ата-анасы немесе ата-әжесі, бауырларында бронхиалды демікпе немесе атопиялық аллергиялық реакциялары бар болған жағдайда алдын алу шараларына аса зор мән берілуі қажет.

Сонымен, не қажет:

✔️бронх демікпесін өршітуші факторлардан алшақ болу: көктем айларында өсімдіктердің гулдену шағында контактты азайту;

✔️Жануарларды үйде ұстамау. Шаң жинайтын кілемдер, ескі кітаптардан, жұмсақ ойыншықтардан сақтану керек. 2 аптада 1 рет 60 градус ыстық суға барлық төсек орынды жуыңыз;

✔️Үй тазалағанда бронхиалдық астмамен ауыратын адам басқа жерде немесе далада болғаны дұрыс;

✔️Гипоаллергенді косметика қолдану

✔️шылым шегуден бас тарту

✔️Жоғары және төменгі тыныс алу жолдарының созылмалы ауруларын уақытылы емдеу

✔️мәдени тамақтануды сақтау қажет. Дене шынықтырып, спортпен шұғылдану.

✔️Салауаты өмір салтын ұстанып жүрсек, кез-келген аурудың алдын алуға болады

✔️Әйелдер жүкті кездерінде дұрыс тамақтануы, жүктілік кезінде және емшек емізіп жүрген уақытта дәрі-дәрмектерді қолдануды шектеу. Баланы кем дегенде 6 ай емшекпен емізу. Жоғарғы аллергенді яғни аллергия шақыратын тағамдарды аз пайдалану (ара балы, шоколад, тауық жұмыртқасы, жаңғақ, цитрус өнімдері және т.б).

✔️Бала өміріне жағдайлар жасау (таза ауада серуендеу, бөлмелерді жиі желдету, пассивті темекі шегуге жол бермеу). Жоғарғы тыныс алу жолдарын үнемі тексертіп, өз уақытында емделу. Үй-жайды үнемі дымқыл тазалау,шаңды тазалап,жуып тұру. Дендеріңіз сау болсын🌿

#профилактика
bronh
Гаухар Құдайбергенова
Полезные ссылки